Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

"Екі ұлынан тоғыз немере": Мұхтар Шахановтың ұрпағы жайлы видео жарияланды

Желіде Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұрпағы жайлы видео жарияланды. Ақынның екі ұлы да өмірден өткен, деп жазады Paryz.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

"Екі ұлынан тоғыз немере": Мұхтар Шахановтың ұрпағы жайлы видео жарияланды
Фото: әлеуметтік желіден

Бекзат Саттархан есімді желі қолданушысы ақынның туған ауылына барып, артында қалған ұрпағымен кездескенін айтты.

Айтуынша, ақынның екі ұлынан тараған 9 немересі бар. Ақынның ұлдары Рауан мен Қуаныш өмірден өткен. "Мұхтар Шахановтың келіні мен немерелерінен сұхбат алдым. 

“Асылдың сынығы, тектінің тұяғы” дегендей, атамыздың 2 ұлынан тараған 5 ұл, 4 қыз немересі бар. 2 ұлы да өмірден озған. Рауан ағамыз 2021 жылы, Қуаныш ағамыз 2025 жылы. Немерелері жауапкершілікті өз мойындарына алып, көңіл айтып келгендерге қызмет етіп жүр. Қуаныш ағамыздан 2 перзент; Елқанат аға мен Нұрмерей әпке. Видеода атамыздың кіші келіні, Рауан ағамыздың асыл жары – Жаңагүл жеңешеміз, ұлдары Әділ, Нұрмұхаммед, Ұлтқыран, Елсұңқар, сондай-ақ Сәтмөр, Асыл, Балнұр есімді қыздары бар. Бәрі де атасының жолын қуатын, көздерінде жалыны бар қыздар мен жігіттер екен. Өмір жолдары ашық болғай!" - дейді видео авторы.