Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерленетін болды, деп жазады Paryz.kz.
Ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков желідегі парақшасында жазба жариялап, атасының соңғы аманаты орындалатынын мәлім етті.
«Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленеді», - деп жазды ол Threads парақшасында.