Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды
Фото: ІІМ

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — делінген хабарламада. Интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.