Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 19.11.2025 16:26

«Ешкім тұрғысы келмейді»: Белсенді өртенген үйдің орнына мешіт салу керектігін айтты

Қоғам белсендісі Нұркен Мұсаев Жетісайға қарасты Алғабас ауылында болған өрттен кейін өз ұсынысын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ешкім тұрғысы келмейді»: Белсенді өртенген үйдің орнына мешіт салу керектігін айтты
Коллаж: ozgeris.info

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. Желі қолданушысының сөзінше, өртенген үйдің орнына мешіт салған дұрысырақ.

"12 адам қаза болған тұрғын үй орнына өмірден өткен марқұм әруақтарды еске алып отыратын МЕШІТ салғаны дұрыс шығар. Кешегі Жетісай Ауданындағы 12 адам қаза болған отбасыға қайғыларына ортақтасып тағы да көңіл айтамын. Әрине, дәл қазір қайғы жұтып отырған қазақ еліне бірдеңе деу де қиын. Бірақ, өз ойымды жеткізсем деп едім. Қазіргі таңда осы тұрғын үйді жөндеу жұмыстары жүргелі жатыр екен. Ол қалай болар екен? Ол үйде тұру жағы қиын емес пе деген де ой келеді. Бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғадан соң өмірден өткендерді әрдайым еске алып, құран бағыштап отыру мақсатында сол орынға Алланың үйі МЕШІТ салған дұрыс па деген де ой келіп тұр. Мүмкін осы жағын да қарастырған дұрыс та шығар. Оның үстіне ол Алғабас ауылында мешіт жоқ. Қажет болса мешітке осы өмірден өткен адамдар мен балаларды үнемі еске алып тұратын да ат берілсін. Ол үйді жөндегенімен ол үйде бұдан былай қандай көңіл-күй болары бір Аллаға ғана белгілі. Менікі ұсыныс. Қолдау, қолдамау жағы халықта", - деді ол.