Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Балам әкесін көрмей өсетін болды»: Маңғыстау облысының әкімінің көңілдесі жан сырын ақтарды

Маңғыстау облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қандай әке екенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Балам әкесін көрмей өсетін болды»: Маңғыстау облысының әкімінің көңілдесі жан сырын ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

Ол өткен өмірін еске алып, қателіктерін мойындаған жазба жариялады:

«Қолында барды қадірлемей, жанындағы жандарды бағаламай, өткінші мансапқа алданып, мәңгілік байлықтан – жақындарынан айырылады екенсің. Балаға әке бола алмады, бізге қорған бола алмады. Ақыры өзі де…», – деп жазды Наурызова. 

Оның айтуынша, баласының әкесіз өсуі – ең ауыр қасірет.

«Менің жүрегімде қасірет бар. Себебі бала әкесін көрмей өседі. Әке деген аттан айырылған жанды аяймын да, кінәлаймын да. Өмірдің ең қымбат сыйын – баласын – шеттетіп алды. Ол енді менің санамда да өмірімде де мәңгі бос орын болып қалады. Ол орынды ешкім толтыра алмайды. Әке деген аттың, сүйіспеншілік пен үміттің орны бос қалды. Бала үшін ол әрқашан бейне ғана болады – алыстағы, қол жетпес әке бейнесі», – деді ол. Жазбаның соңында экс-депутат «Қош» деп аяқтаған.