Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ердоғанның саяси қарсыласы 1 жыл 8 айға сотталып кетті

Ыстамбұл қаласының мэрі, президент Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоғлы 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ердоғанның саяси қарсыласы 1 жыл 8 айға сотталып кетті
Фото: Reuters

ВВС хабарлағандай, оған Ыстамбұл прокурорын көпшілік алдында қорлап, қоқан-лоқы жасады деген айып тағылған. Имамоғлы өзінің кінәсін мойындаған жоқ.

«Мен биліктің сот жүйесін саяси құрал ретінде пайдалануына қарсы күрестім. Бұл барып тұрған қорлық», – деді ол сотта.

Прокурор оны екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айыруды және саяси қызметпен айналысу құқығын шектеуді сұраған.