Прямая трансляция

Астана

Астана

19.49°C

Енді оқушылар мектепте тісін тегін емдете алады

Елімізде 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Енді оқушылар мектепте тісін тегін емдете алады
Фото: istockphoto.com

2024 жылы оқушылардың 90%-ы профилактикалық тексеруден өтті және балаларды динамикалық бақылаумен қамту 3% өсті. Балалардан көбіне ас қорыту, көру, тыныс алу ағзаларының аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар анықталып жатыр,

 - дейді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында. Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде келесі іс-шаралар іске асырылып жатыр:

 - мейіргер жүктемесін азайту (мектеп мейіргерінің 700 балаға 1 ставкасы 500 балаға 1 ставка деп азайтылды);

 - 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық аурулардың алдын алу кабинеттерін ашу;

 - медициналық-санитариялық алғашқы көмек жанындағы мектеп медицинасы бөлімшелерін ұйымдастыру;

 - кәсіптік тексерулер жүргізу тәртібін қайта қарау және мамандардың біліктілігін арттыру. Цифрландыру бойынша автоматтандыруға арналған мынадай IT-шешімдер енгізіліп жатыр:

 - вакцинациялауды және тексеруді жоспарлау;

 - балалардың өтінішін онлайн тіркеу;

- eGov және СМС арқылы ата-аналармен 1414-пен байланыс; 

- "Күнделік", "Bilim.Class", "Білімал" "EDUS.Mektep" жүйелерімен интеграциялау.

Ведомствоаралық өзара іс қимыл шеңберінде келесі жобалар іске асырылып жатыр:

- ментальды және репродуктивті денсаулықты қоса алғанда, "Денсаулық сабақтары";

- жарақаттардың алдын алу жөніндегі жол карталары;

- "Денсаулыққа ықпал ететін мектептер" жобасы;

- 2030 жылға дейін мектеп медицинасын ғылыми зерттеу.