Прямая трансляция

Астана

Астана

19.49°C

Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпайды жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғарғы 140 балл жинаған оқушы Түркістан облысында тұрады.

Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпайды жинады
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Жәнібек Әбілхан - Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі.

 Жәнібек бұл мектеп-гимназияда 1-ші сыныптан бастап білім алып келеді. Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған.

"Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек бала күнінен ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі - табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі", - деп жазған Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.