Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақты 30 жыл бойы қасықтап у беріп, ұйықтатып тастады – Ермек Тұрсынов

Қоғамды өткір ойымен жалт қарататын режиссер Ермек Тұрсыновтың пікірі порталымызда жиі қызу талқыға түседі. Бәлкім, көптің ойын дөп басатын қасиетінен болар. Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында айтқан бір пікірін тағы да оқырман назарына ұсынамыз.

Қазақты 30 жыл бойы қасықтап у беріп, ұйықтатып тастады – Ермек Тұрсынов
фото: time.kz

Режиссер сұхбатында қоғамдық мәселелер өзін жиі ойландыратынын айтады.

– Қазақ ұйықтап жатыр. Қазақты осындай саясатпен ұйықтатып тастады. Улап тастады. Небір болмайтын киноларды түсіріп, спектакльді қойып, интернеттегі тик-ток, инстаграмдарымен – оның бәрі у емес пе!? Уды таратып, халықты ұйықтатып тастады. Қазір жастардың көбі тик-токта, инстаграмда отырады. Инстаграм деген нарциссизм дейді. Көршің бірдеңе жасап жатса, көршімен жарысып жүресің ғой. Сол сияқты. “Оған сенбеңдер, еліктемеңдер, жынды болмаңдар, тобыр болмаңдар, кітап оқыңдар, дұрыс кітап оқып, дұрыс кино көріңдер, Қоянбаевтің киноларына бармаңдар” деп, қанша жыл бойы айтып келе жатыр. Бірақ мені тыңдайтын адам жоқ қой. “Ермектің сөзі дұрыс” деп жатқан, – дейді ол.

Режиссер “жаңа мемлекет құрамыз” десек, мұндайдан арылуымыз керек деп есептейді.

– Осындай маймылмен қандай мемлекет – сарай да құра алмайсың. Үй көтере алмайсың. Сапасыз, надан халықпен. Бұрыннан айтып келе жатырмын. Теледидарда көретін ештеңе қалмады. Адамдар қазір теледидар қарамайды. Бұл бір күнде болған жоқ қой. Қалай ауысып кетеді? Адамның бір күнде есі ауысып кетпейді ғой! Әдейі 30 жылдан астам талдап, қасықтап отырып, у беріп, ақырында ұйықтатып тастады. Қазір білім жоқ, сана жоқ, – дейді Ермек Тұрсынов.