Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

БҚО-да бас көтерген 47 жұмысшыдан коронавирус анықтала қойды

"Егер бұл адамдар үйден шықса, біз компания басшылығымен сөйлесеміз. Оларға жұмыстан босатуға дейін жұмысқа шығуға тыйым салынады", - деді БҚО әкімі.

БҚО-да бас көтерген 47 жұмысшыдан коронавирус анықтала қойды
фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында Bonatti компаниясы басшылығының бастамасымен барлық қызметкер коронавирусты анықтауға тест тапсырып, 47-сінен коронавирус анықталды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жедел штаб отырысында айтылған.

"Bonatti компаниясы қызметкерлерінің скринингі 6 және 7 қаңтарда екі кезең бойынша өтті. 650 қызметкердің 47-сінде коронавирус анықталды. Науқастар оқшаулануға жіберілді. Компания осы мақсатта пәтерлерді жалға алды", - деді БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев шетелдік компания қызметкерлері өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтауы керектігін айтты.

Тағы оқи отырыңыз: БҚО-да аштық жариялаған жұмысшыларға жалақыларын өсіруге уәде берілді

"Егер бұл адамдар үйден шықса, біз компания басшылығымен сөйлесеміз. Оларға жұмыстан босатуға дейін жұмысқа шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ біз ҚПО және "Жайық мұнай" компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргіземіз. Оларда да вирус жұқтыру қаупі бар", - деді БҚО әкімі.