Прямая трансляция

Астана

Астана

10.38°C

"Саяси әзілдерді қиып тастайтын болғандықтан арзан әзіл айтып жүрмін" - Қанат Әлжаппаров (ВИДЕО)

Әзілкеш жарнама жасап өкінген сәттерін жасырмайды.

"Саяси әзілдерді қиып тастайтын болғандықтан арзан әзіл айтып жүрмін" - Қанат Әлжаппаров (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қанат Әлжаппаров жарнама арқылы оңай ақша тауып кеткенін жасырмайды. Мұндай әрекетін пендешілік деп ақтады. Элиталық тойларды басқара алмаймын дейді өзі. Нұржан Төлендиевтің әзілдерін мойындайды. Саясат туралы әзілдердің халыққа жетпейтінін баяндады. 

Әзілкеш "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында жан сырын ақтарды.

Қанат Әлжаппаров саясат туралы әзіл айтпайды. Себебі ол халыққа жетпейді дейді өзі. Ал кей арзан әзілдері кей көрерменге мүлде өтпейді екен. 

"Бірде саясат туралы әзіл айттым. Отыз елдің қатарына кіру деген секілді мәселе қозғалды. Айта сала бірден қиятындарын ескертті. Сол халыққа жеткен жоқ. Содан кейін саяси әзілдер айтпаймын. Ақыры қиып тастайтын болса, онда осыларға керегі арзан әзілдер екен деп ойладым. Сондықтан болмайтын әзіл айтып жүрмін. Соған халық риза. Алайда элиталық орындарда менің әзілдерім өтпейді. Әсіресе, Алматыдағы қымбат мейрамханаларда әзілім де, өзім де өтпеймін. Бірде Ерболат Төлеген сондай тойға ертіп апарды. Ағамның тойы деді. Бір-екі әзіл айтып едім, ешкім күлмеді. Тіпті түсінбеді. Сосын ақырындап тойдан шығып кеттім. Содан кейін элиталардың тойына бармаймын", - деді әзілкеш. 

Әзілкеш өзі туған аймақта өзін ерекше құрметтейтінін айтты. Кино түсіру барысында да, басқа уақытта да мұны халықтың ықыласынан аңғарамын дейді ол. 

"Кино түсіруге көп шығын кеткен жоқ. Тегін берген кәсіпкерлер болды. Локациялар үшін ақша жұмсамадық. Біреу мейрамханасын, біреу қолында барын берді. Тегін берді. Кейде сыйлық алып жатамын. Ат мінгізеді. Соған қарағанда мені жақсы көреді. Халықтың көңілінен шығып жүрмін деп ойлаймын", - деді Әлжаппаров. 

Дегенмен әзілкеш өз туған жерінен гөрі өзге аймаққа тойға көп шақырту алады. Ал солтүстік өңірдің тойын басқара алмайды.

"Мен орыс тілділердің тойын басқара алмаймын. Орысша білмегенім - кемшілік емес шығар", - деді актер. 

Әзілкеш жарнама жасап өкінген сәттерін жасырмайды. Ол үшін көпшіліктен кешірім сұрады. 

"Мен бір кездері атышулы ломбардты жарнамалап, өкініп қалдым. Халық алданды, біз алдандық. Содан кейін ломбардты жарнамаламаймын. Кешірім сұраймын. Былай қарағанда, ол біздің сауатсыздығымыз. Соның кесірі халыққа тиді. Қанша әншілер жарнама жасады. Аз ғана ақша үшін абырой қалды", - деді Қанат. 

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады