Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады

Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қамшының қазақ дәстүріндегі орны туралы пікір білдіріп, оны әйелге күш көрсету құралы ретінде түсіндіруге қарсылық танытты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесінің айтуынша, қамшыны әйелді қорқыту немесе жазалау үшін қолдану туралы түсінік қазақтың дәстүріне қайшы.

«Жақында әлеуметтік желіден “Үйде қамшы әйелді ұру үшін ілініп тұруы керек” деген кейбір дүмшелердің сөзін көзім шалып, жүрегім ауырды... Жоқ, олай емес! Қазақ ешқашан қамшыны әйелге қару етпеген! Қамшы – ер азаматтың айбары, жамандық пен жын-періні маңайлатпайтын қасиетті туы. Қазақ қамшыны төрге тегін ілмеген. Ол тыныштықтың, тіректің, әділдіктің символы. Ал әйел сол шаңырақтың гүлі, берекесі, Құдайдың ер азаматқа аманат еткен ең нәзік жанұясы. Еркектің мықтылығы әйелге күш көрсетуінде емес, оны қорғап, алақанында аялауында! Қамшы әйелді жасқанту үшін емес, шаңырақты жамандықтан қорғау үшін ілінеді», – деп жазды әнші.