Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Еркегі жоқ жесір әйел деп басынғаны ма?»: Мақпал Жүнісова үйін жөндеген құрылысшыларға шағымданды

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйіне жөндеу жүргізген құрылысшылардың жұмысына көңілі толмайтынын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Еркегі жоқ жесір әйел деп басынғаны ма?»: Мақпал Жүнісова үйін жөндеген құрылысшыларға шағымданды
Фото: әлеуметтік желіден

Әншінің айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғанына бір жыл да толмаған. Алайда қазірдің өзінде үйдің сыртқы қаптамасы түсіп, құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты мәселелер пайда болған.

«Құрылысшылардың жасап кеткені, өзіміздің қазақтың жігіттері. 55 млн ақша алды. Осы үйге жөндеу жасаймыз деп төрт айдың ішінде киіз үйде тамақ бердік. Ақшасын уақытылы төледік. Енді, міне, үйді айнала сырты түсіп жатыр. Қалай бұлай жұмыс жасауға болады? Сұмдық қой», – деді Мақпал Жүнісова.

Өнер иесі құрылыс бригадасының жұмыс сапасына наразылығын білдіріп, жөндеу жұмыстары әуел бастан талапқа сай жүргізілмегенін айтты.

«Еркегі жоқ жесір әйел деп басынғаны ма? Мен ол бригадирді жақсы білемін. Халық жақсы білсін деп көрсетіп жатырмын. Ең бірінші қабатын дұрыс жасамаған дейді. Әуел бастан дұрыс емес болған. Қалай жыламайсың? Жүрегімді ауыртады осындай жұмысшылар», – деді әнші.

Мақпал Жүнісова жөндеу жұмыстарын жүргізген бригадирдің есімі Досым екенін айтты.

Оның сөзінше, өзі құрылысшыға хабарласып, үйдегі жағдайды видео арқылы көрсеткен, алайда жауап болмаған.

«Есімі Досым, менің үйімді осылай қатырған жігіт Алматы облысының әкімшілігіне жұмысқа тұрыпты, өзіне звондап, видео түсіріп жібергенмін, пысқырған жоқ, бір Аллаға тапсырдым, руы Шапырашты», – деді әнші.

Мақпал Жүнісованың айтуынша, үйді жөндеуге 55 млн теңге жұмсалған. Өнер иесі қомақты қаржы төленгеніне қарамастан, жөндеу жұмыстарының бір жылға жетпей сыр бере бастағанына қынжылды.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады