Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

«Өкінбеңіз, өзіңізді кінәламаңыз»: Индира Расылхан ажырасқан әйелдерге кеңес берді

Әнші Индира Расылхан әйелдерге отбасы мен бала-шағаға көңіл бөлумен қатар, өздерін де ұмытпауға кеңес берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Өкінбеңіз, өзіңізді кінәламаңыз»: Индира Расылхан ажырасқан әйелдерге кеңес берді
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі Instagram желісіндегі видеосында ажырасар алдында өзіне мұндай кеңесті ешкім айтпағанын жеткізді. Әнші осыған байланысты өзінің тәжірибесімен бөлісіп, әйелдерге отбасын сақтауға тырысумен қатар, өзіне деген махаббатты жоғалтпау маңызды екенін айтты.

«Кезінде ажырасар алдын маған ешкім айтқан жоқ. Менің жіберген қателігімді жасамасын деген оймен жазып жатырмын. Отбасыны сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасағандарыңызды білемін. Бала-шағаны бақтыңыздар, үйді тап-таза ұстап, күйеуді құрметтедіңіздер, бәрін кешіріп, ата-енеге жағу үшін бәрін істедіңіздер. Бірақ, бүкіл махаббатты жан-жаққа шашып тастадыңыздар. Өзіңізге деген махаббат қалған жоқ», — дейді Индира Расылхан. 

Әншінің айтуынша, әйел адам өзіне көңіл бөлу үшін міндетті түрде ажырасуы керек емес. 

«Ажыраспай жүріп те өзіңізге назар аударып, жайлы жағдай жасауға болады. "Ажырасамын, өзімді таңдаймын, ойымды өзгертемін, махаббатымды арттырамын" деген өтірік нәрсе. Оған сенбеңіздер. Онсыз да қазір ажырасу өте көп», — деді ол. 

Сонымен қатар Индира Расылхан ажырасып кеткен әйелдерге өткеніне өкініп, өзін кінәламауға шақырды. 

«Егер ажырасып кеткен болсаңыздар, бұл — тағдыр. Өкінбеңіз, өзіңізді кінәламаңыз. Ал қазір ажырасағым келеді дейтін болсаңыз, ажырасқаннан кейін бәрі күшті болып кетеді деп айта алмаймын. Өзіңізді жинағанша уақыт керек. Бала-шаға "әке" деген кезде өзіңізді кінәлі санайсыз. "Ажыраспау керек пе еді" деп ойлайсыз. Оның бәрінен өтуге уақыт керек. Ажыраспай жүріп те өзіңізді таңдаңыз», — деді әнші.