Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Әйелдің жасы ұлғайған сайын еркіндігі көбеюі керек»: Ләйлә Сұлтанқызы үндеу жасады

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі жазбасында анасы туралы айтып, қазақ әйелдерінің зейнетке шыққаннан кейінгі өміріне қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әйелдің жасы ұлғайған сайын еркіндігі көбеюі керек»: Ләйлә Сұлтанқызы үндеу жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, анасы елдегі қарапайым зейнеткерлердің бірі. Ол ай сайын 150 мың теңге көлемінде зейнетақы алады. Алайда анасы бұл қаражатын өзіне емес, той-томалаққа, немерелеріне және отбасының қажетіне жұмсайды.

«Менің мамам – еліміздегі қарапайым зейнеткерлердің бірі. Ай сайын 150 000 теңге зейнетақы алады. Бірақ оны өзіне емес, той-томалаққа, немерелеріне, ары бері жүрісіне жұмсайды. Өзіне әдемі киім алғысы келсе: «Ел не дейді? Жасыма сай емес шығар...» деп ойлайды», – деп жазды тележүргізуші.

Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанда 70 жастан асқан шамамен 1,1 миллион адам бар екенін, оның 720 мыңнан астамы әйел екенін атап өтті.

Осы ретте ол әйелдердің зейнет жасына шыққаннан кейінгі киім кию мәдениетіне қатысты қоғамдағы қалыптасқан көзқарасты сынға алды.

«Неге біз әйелді зейнетке шыққан күні-ақ сәннен де “шығарып саламыз”? “Ашық түсті жастар кисін”, “жасыңа сай емес”, “жасы үлкенге жараспайды”, “елден ұят” деген сөздер апаларымыздың гардеробынан түсті ғана емес, өзін әйел ретінде сезіну құқығын да алып қойды», – деді ол.

Тележүргізушінің пікірінше, адамның жасы ұлғайған сайын еркіндігі мен өзін қалағандай көрсету мүмкіндігі шектелмеуі керек.

«70 жас – қою түсті киініп, көзге түспей отыруға шығарылған үкім емес. Әйелдің жасы ұлғайған сайын тыйымы емес, еркіндігі көбеюі керек. “Жасыңызға сай киініңіз” демейік. “Өзіңіз үшін әдемі өмір сүріңіз” дейік», – деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады