Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Байға тиіп, бала туғаныңда жеңіл болушы еді»: Анна Данченко өзіне ақыл айтқандарға ренішін айтты

Тележүргізуші Анна Данченко анасының қазасынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ата-анасына қатысты пікір білдіргендерге жауап берді. Тележүргізуші жазбасында өзін сынап, жеке өміріне қатысты ақыл айтқандарға ренішін білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Байға тиіп, бала туғаныңда жеңіл болушы еді»: Анна Данченко өзіне ақыл айтқандарға ренішін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

«Байға тиіп, бала туғаныңызда жеңіл болушы еді» деп жазып жатқандарға – өздеріңізге Құдайдың рөлін алмаңыздар! Менің басымнан не өткен-өтпегенін білмейсіздер. Мені енді одан әрі қинамаңыздар! Мен онсыз да әрең жүрмін, мұнда мені ұстап тұрған ештеңе қалмады», – деп жазды Анна Данченко.

Ол ата-анасы берген тәрбиенің өзіне жеткілікті екенін атап өтті.

«Ақылдарыңызды өз ұл-қыздарыңызға айтарсыздар. Әке-шешемнің берген тәрбиесі өзіме жетеді, шүкір! Алланың маған жазғаны осы болса, әкеме де, анама да жылап қарауға ойланбастан келіскен едім, тек олар жанымда болса болғаны», – деді тележүргізуші.

Сондай-ақ ол «ауылдан көшіріп әкелмеу керек еді» деген пікірлерге де жауап берді.

«Олар көшіп келген жоқ. Мен үй алып берсем де, олар келмес еді. Әкем ауырып, Алматыға емделуге келіп, төрт айдан кейін қайтыс болды. Анам менің қасымда қалды. Әлде жалғыз өзін Аралға жіберуім керек пе еді?» – деп жазды ол.

Соңында Анна Данченко оқырмандарын пікір жазбас бұрын ойланып, өзіне ауыр сөз айтпауға шақырды.

«Маған бірдеңе жазбас бұрын ойланыңыздар! Ал айтар сөзіңіз болмаса, одан да үндемегендеріңіз дұрыс!» – деп түйіндеді тележүргізуші.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады