Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Діндар адамдардан кешірім сұраймын»: Баян Алагөзова күтпеген мәлімдеме жасады

Продюсер Баян Алагөзова діни фанатизм тақырыбындағы жазбасына қатысты пікір білдіріп, ұстанымын түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Діндар адамдардан кешірім сұраймын»: Баян Алагөзова күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Оның сөзінше, бұған дейін жариялаған жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырған. Осыған байланысты ол тақырыпты жалғастырып, өз ойын нақтылауды жөн көрген.

«Менің сөздерім діндар жандардың көңіліне тиген болса, шын жүректен кешірім сұраймын. Мен әр адамға және әр дінге құрметпен қараймын. Алайда бұл басқа адамға зиянын тигізе бастағанға дейін ғана», – деп жазды Баян Алагөзова.

Продюсер өзін «діндарлардың сезімін қорлады» деп айыптап жүргендерге де жауап берді. Ол діннің өзіне қарсы емес екенін атап өтті.

«Мен діннің өзіне қарсы екенімді айтқан жоқпын. Мен өз халқымызға жат догмалардың таңылуына, радикалды әрі фанатикалық насихатқа қарсымын», – деді ол.

Баян Алагөзова сырттан келетін соқыр ықпалдың салдарына алаңдайтынын жеткізді. Ол қыз балаларды ерте жастан тұрмысқа беру, олардың білім алуына және медициналық көмек алуына шектеу қою, әйелдерге күш көрсету сияқты мәселелерді көтерді.

«Сіздер қыз балаларды 9 жасынан күйеуге беруді қалайсыздар ма? Олардың білім алуына немесе медициналық көмек алуына тыйым салынғанын қалайсыздар ма? Оларды «шайтанның ықпалынан қорғау» деген желеумен ұрып-соғуға болады деп ойлайсыздар ма?» – деп сұрады ол.

Сонымен қатар продюсер әйелдердің құқықтары мен қоғамдағы орнына қатысты ұстанымын білдірді.

«Қызыңыздың немесе қарындасыңыздың жеке тұлға емес, біреудің жай ғана «қосымшасы» болғанын қалайсыздар ма? Оның рұқсатсыз қоғам алдына шығуына немесе өз ойын айтуына мүмкіндік берілмегенін қалайсыздар ма? Өзін және балаларын қорғай алатындай қарапайым құқықтарының болмағанын қалайсыздар ма? Мен бұған КАТЕГОРИЯЛЫҚ ТҮРДЕ қарсымын!» – деп жазды Баян Алагөзова.

Сөз соңында ол ұлттық құндылықтарды қорғау ұстанымынан айнымайтынын мәлімдеді.

«Мен әрдайым ӨЗІМІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ КОДЫМЫЗДЫ қорғап келдім және алдағы уақытта да осы ұстанымымнан айнымаймын!» – деді ол.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады