Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қыз баласы үшін өз үйі қауіпсіз бола алмаса, біз қандай болашаққа ұмтылып жүрміз?»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазба жариялады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қоғамдағы зорлық-зомбылық пен адамгершілік мәселесіне алаңдап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қыз баласы үшін өз үйі қауіпсіз бола алмаса, біз қандай болашаққа ұмтылып жүрміз?»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі соңғы уақытта жаңалықтар легіне қарай алмай жүргенін айтып, елдің болашағы талқыланып жатқанда тағы бір әйелдің ажал құшқанын жазды.

«Өзге біреуден емес, өзі сүйіп, сеніп, өмірін байланыстырған жарынан. Қыз баласы үшін өз үйі, өз жары қауіпсіз бола алмаса, біз қандай болашаққа ұмтылып жүрміз?» – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Актриса зорлық-зомбылықтың себебін тек тәрбие мен білімнің жоқтығынан іздеу жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Мен бұған тек тәрбиесіз, білімсіз ер адам кінәлі демеймін. Ерте тұрмыс құрған бойжеткенді де кінәламаймын. Қатыгез қоғамды ғана айыптағым келмейді. Меніңше, мәселе – әр адамның адамдық межесінде», – деді ол. Жұлдыз Әбдікәрімова ар, ұят, жауапкершілік, құрмет пен мейірімнің шегі қайда екенін әр адам өзінен сұрауы керек екенін айтты. Оның сөзінше, қоғамда, ортада және отбасында болып жатқан жағдайларға әркімнің қатысы бар. «Қоғам – бізден бөлек тұрған бір ұғым емес. Қоғам – мен, сен, біздің отбасымыз, біздің балаларымыз», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ ол қоғамды өзгерту әр адамның өзінен басталатынын атап өтті.

«Әр ана ұлы мен қызына адамдық пен мейірімді үйретсе, әр ер азамат өз әрекетіне жауап берсе, әр әйел өз сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қараса, әр шенеунік атқарып отырған қызметін аманат деп түсінсе, қоғам да біртіндеп өзгерер ме еді?» – деді ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасын адамдық қасиетке қатысты сауалмен түйіндеді.

«Бәрінен бұрын, әркім өзінен былай сұраса екен: Менің АДАМдық межем қандай?» – деп жазды ол.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады