Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Әкемнің анамды ұрғанын көрдім»: Айгүл Иманбаева отбасылық зорлық-зомбылық туралы айтты

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бала кезінде отбасындағы зорлық-зомбылыққа куә болғанын, оның ересек өміріне де әсер еткенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әкемнің анамды ұрғанын көрдім»: Айгүл Иманбаева отбасылық зорлық-зомбылық туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі бұл тақырыптың өзі үшін ауыр екенін айтып, ата-аналарды балалардың көзінше жанжал шығармауға шақырды.

Әншінің айтуынша, соның әсерінен зорлық-зомбылық туралы «Бақыт» фильміндегі рөлден бас тартқан. Сценарийді оқыған кезде бала күніндегі оқиғалар есіне түсіп, қатты күйзелген.

«Сценарийді оқып отырып, бұлшықет жады ма, әлде бұрынғы сырқаттарым оянды ма, білмеймін, аяқ-қолым дірілдеп, жылап қалдым. Баянға хабарласып, бұл рөлден бас тарттым», – деді әнші. 

Ол бірнеше жылдан бері психологпен жұмыс істеп, балалық шағындағы психологиялық жарақаттардан арылуға тырысып жүргенін айтты. «Бала кезімде әкемнің анамды ұрғанын, ата-анамның бір-бірімен жанжалдасқанын көрдім. Сондықтан қазір де біреу дауысын көтерсе, қорқамын. Ішімдік ішкен адамды көрсем, аяқ-қолым дірілдейді», – деді Айгүл Иманбаева. 

Өнер иесінің айтуынша, бала кезінде көрген зорлық-зомбылық адамның кейінгі өміріне әсер етуі мүмкін.

«Кейін сол жағдайлар өміріңде айна-қатесіз қайталануы мүмкін. Менің жеке өмірімде де сондай жағдайлар болды. Сондықтан бұл мәселені бала тәрбиесінен бөлек қарауға болмайды», – деді ол.

Айгүл Иманбаева ата-аналарды баланың көзінше ұрыспауға және оның тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Баланы өмірге әкелгеннен кейін оның тәрбиесіне жауапкершілік алу керек. «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтылмаған», – деді әнші.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады