Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Ескерту жасасам, жылап қалады»: Жеңіс Ысқақова қазіргі келіні жайлы айтты

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова ұлының алғашқы некесі кезінде болған жағдайды айтып, қазіргі келіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ескерту жасасам, жылап қалады»: Жеңіс Ысқақова қазіргі келіні жайлы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, ұлы алғаш үйленгенде келіні бөлек тұруды қалаған. Алайда ұлы ата-анасымен бірге бір шаңырақта тұратынын айтқан.

«Бірінші үйленгенде келін бөлек шығайық деді. Ұлым "бөлек шықпаймыз, біз осы шаңырақта бәріміз бірге тұрамыз. Бөлек шыққың келсе, өзің кете бер" деді. Келін кетіп қалды. Менің ол жерде қатысым жоқ. Ол кезде балалар өздері тұрды. Мен Астанада тұрдым», – деді Жеңіс Ысқақова. 

Әнші кейін бұрынғы келінінен жағдайды сұрағанын айтты. Оның сөзінше, экс-келіні оған ешқандай өкпесі жоқ екенін жеткізген. Жеңіс Ысқақова қазіргі келінін ерекше жақсы көретінін атап өтті. 

Оның айтуынша, келінімен бірге тұрады және оны «сәнім» деп атайды. 

«Қазіргі келінімді "сәнім" деймін. Құдайдан сұрап алғанмын. Аллаға сансыз шүкір деймін. Маңдайынан сүйіп отырамын. Бірге тұрамыз. Ол келінге бөлек шығыңдар десем, шықпаймыз дейді», – деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі келініне кейде ескерту жасайтынын айтты. Алайда келіні ескертуге көңілі босап, жылап қалатын көрінеді.

«Мен бірдеңе дұрыс болмаса, ескерту жасаймын. Алдында бір-екі рет ескерту жасап едім, жылап қалды», – деді Жеңіс Ысқақова.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады