Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қорқыныш пен алаңдаушылықтан»: Айгүл Иманбаева қазақтардың мол дастархан жаю себебін айтты

Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева қазақ халқының қонақ күткенде дастарханды мол етіп жаюының себебін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қорқыныш пен алаңдаушылықтан»: Айгүл Иманбаева қазақтардың мол дастархан жаю себебін айтты
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбасында ой бөлісті. Оның айтуынша, Ұлыбританияда жүрген кезінде жергілікті тұрғындардың тағамды оңай қоқысқа тастай салатынына назар аударған.

«Лондонда жүргенде британдықтардың тамақты оңай қоқысқа лақтыра салғанын көріп, ойға қалғаным бар. Олардың мәдениетінде бұл норма шығар. Өйткені Ұлыбритания тарихында құлдық пен жаппай ашаршылықты көрмеген мемлекеттердің бірі. Оларда "ертең тамақ болмай қалса ше?" деген қорқыныш атымен жоқ», – деді Айгүл Иманбаева. 

Әнші қазақ халқының тағамға деген көзқарасы тарихи жағдайлармен байланысты екенін атап өтті. 

«Ал біздің жағдайымыз мүлде басқа. Ата-бабамыз бастан кешкен ашаршылық біздің генетикалық жадымызда өшпес із қалдырды. Бүгінгі біздің қонақ шақырсақ дастарханды мол дайындайтынымыз тойынғандықтан емес, сонау заманнан қалған қорқыныш пен "ертеңгі күнге" деген алаңдаушылықтан деп ойлаймын», – деп жазды ол.

Айгүл Иманбаева ата-бабадан қалған тағамға деген құрметтің де өзіндік себебі бар екенін айтты.

«Бабаларымыздың әрбір ұрттам суы мен бір үзім наны қан мен термен, көз жасымен келген. Содан да болар, біз үшін нанның әр түйірі қасиетті», – деді өнер иесі.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады