Қазақстандық актриса әрі блогер Айым Сейтметова әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіпкер күйеуі Талғатпен ажырасып кеткенін жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі жазбасында олардың бірге өткізген жылдарында көп жақсы сәт болғанын атап өтті. Сондай-ақ бұл некеден туған қыздары бар екенін айтты.
«Біз Талғатпен ажырастық. Бұл сөздің артында өміріміздің үлкен кезеңі тұр. Оның ішінде өте көп жақсы дүние болды, отбасы болды және ең бастысы – бізді мәңгі байланыстыратын қызымыз бар», – деп жазды Айым Сейтметова.
Актриса қарым-қатынасты жалғастыруды өзі үшін мүмкін етпеген жағдайлар болғанын жеткізді. Алайда оның егжей-тегжейін жария еткісі келмейтінін айтты.
«Кейбір дүниелер екі ересек адамның арасында қалуы керек», – деді ол.
Айым Сейтметова қазір бұрынғы жұбайымен бір-біріне деген сыйластықты сақтап қалу маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, олар енді ерлі-зайыпты болмаса да, қыздарының ата-анасы болып қала береді.
«Мен оның ата-анасының екеуінің де махаббатын сезініп өскенін қалаймын, біздің ересек адамдар ретінде қабылдаған шешімдеріміздің салдарын көргенін емес», – деп жазды блогер.
Сондай-ақ ол оқырмандарынан ажырасуға қатысты түрлі болжам жасап, тараптардың ешқайсысына шабуыл жасамауды сұрады.
«Бұл шешім маған оңайға соққан жоқ, бірақ ол қабылданды. Ал енді әрқайсымыздың өмірімізде жаңа тарау басталады», – деп түйіндеді Айым Сейтметова.