Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Мұндай мәселелерді шығармау керек»: Медеу Арынбаев Тұрсынбек Қабатовқа қатысты пікір білдірді

Танымал әнші Медеу Арынбаев қоғамда қызу талқыланып жатқан Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мұндай мәселелерді шығармау керек»: Медеу Арынбаев Тұрсынбек Қабатовқа қатысты пікір білдірді
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі отбасыға қатысты мәселелер әр адамның жеке өмірі екенін атап өтті. Алайда көпшілікке танымал тұлғалар өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы керек деп есептейді.

«Естідім бәрін. Керек емес еді негізі. Әрине, отбасылық мәселе – өзінің жеке өмірі. Бірақ сен тұлға болсаң, өнер деген елдің атынан шығып жүрсің бе – оның бәрін абайлау керек. Оның жауапкершілігі болу керек. Жауапты қарау керек», – деді Медеу Арынбаев. 

Әншінің айтуынша, елге белгілі азаматтардың өмірбаяны мен жеке басына қатысты кез келген жағдай қоғам назарында болады. Сондықтан өнер адамдары өз әрекетінің тәрбиелік әрі қоғамдық маңызын ескеруі тиіс. 

«Белгілі тұлғалардың өмірбаяны бірінші ретте талқыға түседі. Өзің айтпақшы, оның идеологиялық, тәрбиелік мәні бар. Осындай жағдайларға абай болу керек. Өнердегі әріптестеріме айтарым – мұндай мәселелерді шығармау керек. Шығарсаң да, оның бәрін жасыра алмайсың. Тек жарияламау керек», – деді ол.

Медеу Арынбаев көпшілікке танымал адамдардың әрбір қадамы қоғам назарында болатынын айтып, өнер өкілдерін жеке өмірге қатысты мәселелерде барынша сақ болуға шақырды.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады