Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Баланың ең бірінші жауы – туған анасы»: Айгүл Иманбаева көпшілікті алаңдатқан пікір айтты

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бала тәрбиесі мен ата-ананың ойлау жүйесі туралы пікір білдірді. Өнер иесі баланың басынан түрлі жағдайдың өтуіне ата-ананың алаңдаушылығы мен жағымсыз ойлары әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Баланың ең бірінші жауы – туған анасы»: Айгүл Иманбаева көпшілікті алаңдатқан пікір айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеосында айтты. Айгүл Иманбаева баласының қауіпсіздігіне шамадан тыс алаңдайтын аналарды сынға алды.

«Баланың ең бірінші жауы – туған анасы. "Балам ауырып қалмады ма, көлік қағып кетпеді ме?" деп өзінің ойында жүретін мыңдаған жаман ойларын ойлай-ойлай баласы жайлы дән секілді жерге себеді. Ол тұқым 5, 10, 20 жылдан кейін өсіп, жемісін береді», – деді әнші.

Өнер иесінің сөзінше, ата-ана баласының басына бір жағдай түскенде «мен білгенмін, сезгенмін» деп жатады.

Алайда ол мұны алдын ала сезу емес, адамның өз ойымен қалыптастырған түсінігі деп санайды. Сонымен қатар Айгүл Иманбаева баланы шектен тыс жақсы көрудің де дұрыс емес екенін айтты. 

«Ішіңдегі жақсы көретін баланың өзін орнымен, "Алланың аманаты ғой" деп қана жақсы көру керек. Қазақта "балам үшін Астанаға көштім, ауылдан Алматыға көштім" деп өмір сүріп жатыр. "Балам үшін" деген ұғым – қорқынышты нәрсе», – деді ол.

Әншінің пікірінше, ата-ана алдымен өз өміріне көңіл бөліп, рухани тұрғыда үйлесімді өмір сүруге ұмтылуы керек.

«Сіз өзіңіз үшін өмір сүріңіз. Сіз бүтін болсаңыз, рухыңызбен бірге гармонияда өмір сүрсеңіз, балаңыздың өмірі де, сізбен қарым-қатынасы да онсыз да гармонияда болады», – деді Айгүл Иманбаева.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады