Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

«Ақыл айта берсең, миы ашып кетеді»: Жазира Байырбекова келіні туралы сыр шертті

Танымал әнші Жазира Байырбекова ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдіріп, отбасылық өмірі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ақыл айта берсең, миы ашып кетеді»: Жазира Байырбекова келіні туралы сыр шертті
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы өнер иесі «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Әнші келініне қарап, өзінің жас кезін еске алатынын жеткізді.

«Мен өзімнің келініме қарап, аңқау, көп нәрсе білмейтін өзімнің жас кезімді еске түсіремін. Сондай білмей тұрғанымен сүйкімді сияқты. Жас келін өмір көріп тастаған адам сияқты келіп, өзіңе ақыл үйретіп тұрса, ол кезде әдемі болмай қалады деп ойлаймын. Жас келін білмей келгенімен әдемі», – деді Жазира Байырбекова. 

Оның айтуынша, келінге үнемі ақыл айта беру дұрыс емес. Әнші өзінің өмір салты мен іс-әрекеті арқылы келініне үлгі болуға тырысатынын атап өтті.

«Біз үйреткенімізбен енеміз. "Мен былай істе, былай істе" деп көп айтпаймын. Менің болмысыма қарап, өткен өміріме қарап, айналаға қарап, өзі тәрбие алып жатыр деп ойлаймын», – деді ол. 

Сонымен қатар әнші қазіргі ақпараттық заманда балаға да, келінге де көп ақыл айта берудің қажеті жоқ екенін айтты. Оның орнына келінінен кейде өзі кеңес сұрайтынын жеткізді. 

«Келінге де, балаға ақыл айта берсең, қазір ақпараттық заман, миы ашып кетеді ғой. Мен керісінше ақыл сұраймын. "Мынаны кисем қалай, былай барсам қалай?" деп. Үйге келсек, әрнәрсе пісіріп қояды. Көңілімізге барынша қарауға тырысады», – деді Жазира Байырбекова.