Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Әртістер клоун емес»: Айгүл Иманбаева өнер адамдарының қоғамдағы рөлі туралы айтты

Әнші Айгүл Иманбаева қоғамда өнер адамдарына қатысты қалыптасқан кейбір түсініктерді сынға алды. Ол әртісті білімсіз немесе клоун ретінде қабылдау дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әртістер клоун емес»: Айгүл Иманбаева өнер адамдарының қоғамдағы рөлі туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

«Қоғамда қалыптасқан өте қате, теріс түсініктер бар. "Әртіс – білімсіз, әртіс – клоун" дейді. Бұл өте дұрыс емес ұғым. Мен өзім оқығанды, ізденгенді жақсы көремін. Төрт дипломым бар», – деді Айгүл Иманбаева.

Өнер иесі докторантураға түсуге ниетті екенін айтып, бұл шешімін 20 жылдық педагогикалық тәжірибесімен байланыстырды.

«Докторантураға тапсыру себебім – менің 20 жылдық педагогикадағы жұмыс өтіліммен зерттейтін дүнием өте көп. Өнердің қоғамдағы қызметі өте маңызды», – деді ол. 

Айгүл Иманбаева өнер адамдарының қоғамдағы рөліне де тоқталды. Оның пікірінше, әртістердің де қоғам алдында айтары, атқаратын міндеті мен миссиясы бар.

«Өнер адамдары жер дауы, ел дауы болғанда алдыңғы шепке лақтыратын клоун емес. Ақымақ адамдардың қатарында емес. Қоғамда айтары бар, атқаратын міндеті, алып жүретін миссиясы бар мамандық иесі. Ол үшін тек оқу керек, даму керек. Мен доктор деген аты үшін ғана оқымаймын. Артымда қалдыратын дүние болғанын қалаймын», – деді әнші.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады