Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

"Жатқан жеріңіз жайлы болсын": Толқын Забирова жақын адамының өмірден өткенін жеткізді

Танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен ұстазы Пернебек Момынұлы Момыновқа арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

"Жатқан жеріңіз жайлы болсын": Толқын Забирова жақын адамының өмірден өткенін жеткізді
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесінің айтуынша, ұстазының қайтыс болғаны туралы хабар оған өте ауыр тиген. Пернебек Момынұлы кезінде әншінің өнер жолындағы алғашқы қадамдарына сенім білдіріп, үлкен қолдау көрсеткен.

"Кеше мен үшін жүрекке ауыр тиетін қаралы хабар жетті. Мектебімнің директоры, менің өнер жолымның алғашқы қадамдарына сенім білдірген аяулы ұстазым Момынов Пернебек Момынұлының дүниеден өткенін естіп, көңілім құлазып отыр. Адам өмірінде ұмытылмайтын, оның бүкіл тағдырына әсер ететін сәттер болады. Менің өмірімде сондай сәттің бірі – мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезім. Ол кезде мектепке қабылдану мерзімінен кешігіп қалған едім. Бірақ Пернебек Момынұлы мені сыртқа теппей, жағдайымды түсініп, өнеріме мүмкіндік берді. Ән айтатынымды тыңдап: 

"Мұндай қызға ешқандай емтиханның қажеті жоқ", – деп мені мектепке қабылдаған еді. Бұл – жай ғана айтылған сөз емес. Бұл – бала бойындағы талантты көре білген үлкен жүректің, көреген адамның шешімі еді. Сонымен қатар тек маған ғана емес, интернаттан шықпай, жатып оқып жүрген балаларды, өз демалыс күнінде, тауға, өзенге апарып, қамқорлық танытқан кең жан еді. Пернебек Момынұлының бойында нағыз азаматқа тән адамгершілік, парасат, кеңдік, сабыр мен көрегендік бар. Ол сол күні менің құжаттарымнан бұрын, жүрегімдегі арманға қарады. Менің бойымдағы өнерге сенді. Маған ең қымбат сый – мүмкіндік берді. Адамның тағдырын өзгерту үшін кейде үлкен дүниенің қажеті жоқ екен. Бір ауыз жылы сөз, бір сәттік сенім, бір ғана мүмкіндік – адамның бүкіл өміріне жол сілтеуі мүмкін. Артында өшпес із, жақсы есім, саналы шәкірттері мен жарқын естеліктері қалды. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша шәкірттері мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пернебек Момынұлының жарқын бейнесі, адамға деген мейірімі мен бір кездегі маған артқан сенімі менің жүрегімде мәңгі сақталады. Қош болыңыз, ардақты ұстаз. Сіз берген мүмкіндік – менің өмірімдегі өшпес аманат", – деп жазды Толқын Забирова.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады