Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Димаштың түрік тіліндегі әні шетелдік iTunes хит-парадтарында көш бастады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа авторлық әні бірнеше елдегі iTunes чарттарында көш бастады. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

Димаштың түрік тіліндегі әні шетелдік iTunes хит-парадтарында көш бастады
Фото: dimashnews.com

Күні кеше Димаш Құдайберген өзі музыкасын жазған түрік тіліндегі әнін тыңдарман назарына ұсынды. "Yazgı" деп аталатын туынды тыңдарманның ықыласына бөленіп, бірқатар елдің iTunes музыкалық чарттарында бірінші орынға шықты.

"Менің жаңа "Yazgı" әнім iTunes чарттарының көшін бастап тұр. Венгрияда – №1, Румынияда – №1. Латвияда үздік үштікте. Әр тыңдалым, әр сатылым және жылы лебіз менің туындымның бүкіл әлем бойынша тыңдарман табуына көмектеседі. Махаббат пен сенімдеріңіз және үнемі қолдау көрсетіп келе жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жетістік – бәріміздің ортақ еңбегіміз!" - деді Димаш. 

"Сіңірген еңбегің мен махаббатыңмен ең жақсыға лайықсың, сен ерекше жансың, жаныңмен шырқайсың", "Димаш, тамаша әніңе тәнтімін", "Ән өте әдемі. Осы сыйлығың үшін рақмет", "Бұл әдемі әнді Spotify-да да, YouTube-те де тыңдап жүрмін! Рақмет!" - деп жазуда жанкүйері.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады