Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қылмыстық топ құрып, малымды ұрлады»: Жылқышыны сотқа берген кәсіпкер үндеу жасады

Ақтөбеде 100 жылқы ұрлығы ісі бойынша ақталған Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі, кәсіпкер Тәжіғали Елеуов алғаш рет көпшілікке үндеу жасап, өз шындығын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қылмыстық топ құрып, малымды ұрлады»: Жылқышыны сотқа берген кәсіпкер үндеу жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Ол Рахат Сәрсеновтен жоғалған малдың өтемін талап етуін заңды деп санайтынын айтып, әлеуметтік желілерде өзі туралы тарап жатқан дерек шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «Менің есімім – Тәжіғали Елеуов. Жасым 69-да. Кешеден бері мен туралы шығып жатқан дауға байланысты өз пікірімді білдіруге шығып отырмын. Расында мен мал шарауашылығымен айналыса бастаған кезде Рахатты малшы етіп жұмысқа алдым. Екеуіміз біраз жыл бірге жұмыс істедік. Әрине, жұмыс барысында басымыздан көптеген нәрселер өтті. Мен оның арағына, 5-6 бас жоғалтқан жылқыларына мән бермедім. Ал соңғысында үлкен көлемде, қасына қылмыстық топ құрып, оның бірі малымды сатып жатқан жерінен ұсталып, қазір түрмеде жазасын өтеп отыр. Бірақ ол қылмыскер бұрын да мал ұрлаумен айналысқандықтан, Рахат Сәрсенов жазадан құтылып кетті. Қазір мен өзімнің жоғалған малымды жауапты адамнан талап етуімді заңды деп санаймын. Оған дәлел – Рахат Сәрсеновті қылмыскер деп растаған сот үкімі. Бірақ қылмысты жасырғысы келіп, құтылу үшін айлакер адамдар кешеден бері «Сәрсеновті толық ақталып шықты» деп халықты алдап, одан халық қаһарманы етіп отыр», – деді кәсіпкер.

Сондай-ақ ол өзінің ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәлімдемелерге құқықтық баға берілетінін айтты. 

«Мен жастайымнан жұмыс істеп, шаруадан қорықпай, өзімді аямай, жеңіл жол іздемеген адаммын. Менің кәсібім – нағыз қара жұмыс. Әрине, мен блогерлерге төтеп бере алмаймын. Олар мені нағыз жаман адам етіп отыр. Мен сендердің алдарыңа шығудағы мақсатым ақталу емес. Тек айтарым желі арқылы қаралым жинау арқылы табыс көріп жүргендердің сөздеріне ілесіп, менің ар-намысыма және іскерлік беделіме нұқсан келтіріп, атымды балағаттап жатқандарға ескертемін. Бұл жөнінде ары қарай заңгерлер жұмыс істейді. Әрине мені танымайтындарға реніш білдірмеймін. Оның қасында өмір бойы менің малымды тегін жеп, 40 жас тойын жасап, 4 баласын үйлендіріп, бүкіл ақшасын төлеп, түрмеден екеуін құтқарып, жақсылығымды түсінбеген басқаларға не айтасың?! Бәріңе амандық тіледім. Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін», – деді Т. Елеуов.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады