Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қыздарын іздемейді»: Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықов туралы бар шындықты жайып салды

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіқалықовпен арадағы қарым-қатынасы және оның қыздарының өміріне араласуы туралы пікір білдірді. Ол қызының ұзату тойына қатысты көптің көкейіндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қыздарын іздемейді»: Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықов туралы бар шындықты жайып салды
Фото: әлеуметтік желіден

Алтынай Жорабаеваның сөзінше, бұрынғы күйеуі қыздарымен тұрақты араласпайды. Сондықтан ол қазіргі жұбайы Әлішердің еңбегін бағалайтынын және оның сезімін бәрінен жоғары қоятынын жеткізді.

Әншінің айтуынша, қазіргі жолдасы қыздарына әкелік қамқорлық танытып, олардың сеніміне ие болған. Тіпті қыздары оны өз еркімен "папа" деп атауға рұқсат сұрағанын айтты. 

"Әлішер бәрін жасап жүрген кезде, биологиялық әкесі екен деп төріме шығарып, оның дастарханына отырғыза алмаймын. Маған ең маңыздысы – Әлішердің сезімі. Егер бұрынғы күйеуім балаларына қамқорлық танытып, араласып жүрген болса, жағдай басқаша болар еді", – деді әнші. 

Сондай-ақ ол қыздарының да әкесіне өздері ұмтылмайтынын жасырмады. Оның сөзінше, қыздары бірнеше рет жақындасуға талпынғанымен, өздерін қажет сезінбегеннен кейін баруға ниет білдірмеген.

Жорабаева бұрынғы жұбайына өкпесі жоқ екенін айтып, оған әрдайым жақсылық тілейтінін жеткізді. 

"Ол үйленгенде де бақыт тілеп, дұға жасадым. Ренішім жоқ. Өмірдегі әр нәрсенің өз қайыры бар деп ойлаймын", – деді өнер иесі.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады