Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алтынай Жорабаева күйеуінің не себепті тойға қатыспағанын айтты

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында жолдасы Әлішердің қызы Айнараның ұзату тойына өзі мен жұбайының не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Алтынай Жорабаева күйеуінің не себепті тойға қатыспағанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, бұған отбасыдағы қаралы жағдай себеп болған. Ол жарты жыл бұрын жолдасының туған бауыры кенеттен қайтыс болғанын, осыған байланысты олардың әулетінде бір жыл бойы аза тұту дәстүрі сақталатынын жеткізді.

«Әлішер: "Мен тойға қатыса алмаймын. Бірақ Айнараның ұзатуын кейінге қалдырмайық. Құдаларды күтіп алып, шаңырағымыздың төрін көрсетейік. Өзім қарсы алып, қонақ қыламын", – деді», – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар Алтынай Жорабаева жолдасының тойдың барлық ұйымдастыру жұмысына белсене араласқанын атап өтті.

Оның сөзінше, Әлішер дайындықтың әр кезеңіне жауапкершілікпен қарап, қызының ұзату рәсімінің жоғары деңгейде өтуіне бар күшін салған.

Өнер иесі жарына алғыс айтып, алдағы уақытта отбасының өзге де қуаныштарын бірге қарсы алуды тілейтінін жеткізді. 

«Алла қаласа, алда әлі талай қуанышымыз бар. Тұрмыс құрмаған төрт қызымыздың да тойын амандықпен бірге қарсы алып, бірге атап өтуді Алла нәсіп етсін», – деп жазды Алтынай Жорабаева.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады