Танымал әнші Жазира Байырбекова ұлы мен келінінің тойындағы жөн-жоралғыларға қатысты көпшіліктің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әншінің сөзінше, құда-құдағилар арасында ақшаға, қалың малға қатысты келісім болмаған.
«Келінімізге берген қалың малдың көлемі осыншалық әңгіме болып кетеді деп ойламадым. Әрқайсымыз сыйлықтарымызды өз қалауымызбен, шын көңілімізбен жасадық. Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да баға жетпес қой. Сол үшін ақшамен бағалаған дұрыс емес. 100 мың берсе де, 100млн берсе де жігіттің ата-анасы шешеді деп ойлаймын»,– деді әнші.
Әнші қызға аз қалың сұрап, аз берсе реніш білдіретін ата-аналарды түсінбейтінін жеткізді.
«Менің құдағиым менен ештеңе сұраған жоқ. Мен де артынан қандай дүние әкеледі демеймін. Әкелмесе де ештеңе етпейді. Бастысы балаларымыз бақытты болсын»,– деп жазды Жазира Байырбекова.