Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Жақсы ырым емес»: Жазира Байырбекова келінінің орамалын сатып, сынның астында қалды

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова келіні Асылының орамалын той үстінде аукционға қойып, 400 долларға сатты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жақсы ырым емес»: Жазира Байырбекова келінінің орамалын сатып, сынның астында қалды
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесінің бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік тарапынан сынға ұшырады.

Әншінің айтуынша, бұл — келіні алғаш босаға аттағанда таққан орамал болған. Оны аукционға шығару арқылы «ырымдап, ақысын берсін» деген ниет болғанын жеткізді. 

Алайда желі қолданушылары бұл қадамды құптай қоймады.

 «Сатқаны несі, тегін бермей ме?», «Жақсы ырым емес», «Алла сақтасын, не істеп жатырсыңдар?», «Есі дұрыс емес пе?» – деп жазды пікір білдірушілер.

Соған қарамастан, кейбір қолданушылар бұл әрекетті әркімнің жеке таңдауы екенін айтып, түсіністікпен қарауға шақырды.