Прямая трансляция

Астана

Астана

2.84°C

"Димаштың руы кім?" - тарихшы оның қырғыз екенін дәлелдеп берді (ВИДЕО)

Ал Димаш Ақтөбе және Қызылорда облысындағы аралдық қырғызға жатады.

"Димаштың руы кім?" - тарихшы оның қырғыз екенін дәлелдеп берді (ВИДЕО)
Дереккөз: inform.kz

Генетик, тарихшы Жақсылық Сәбитов Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында Димаш Құдайбергеннің руына қатысты та өз болжамын ортаға салды. Оның айтуынша әнші қырғыздардың бір руынан болуы әбден мүмкін, деп жазады Paryz.kz.

Тарихшы сұхбат барысында алдымен Қазақстандағы қырғыз рулары қайда тұратынын айтып берді.

"Біз Қазақстан аумағындағы қырғыздардың ДНК-сына қатысты мақала жариялаған болатынбыз. Қырғыздар жалпы Қазақстан бойынша үш аумақта тұрып жатыр. Олар: Бурабай, Щучинск, Көкшетау сияқты елдің солтүстігінде тұратын қырғыздар. Олар Абылай хан өзімен бірге алып келген қырғыздардың ұрпақтары. Екінші санатқа Қарағанды аумағында өмір сүріп жатқар қырғыздар жатады. Тіпті арғындардың арасында да қырғыздар бар. Мысалы түбі қырғыз болса да, олар қазір арғынның ішіндегі қаракесек деген ру бар", - деді ол.

Сол сияқты Димаш Құдайбергеннің де қырғыз руынан шығуы мүмкін деген болжамымен де бөлісті.

"Ал Димаш Ақтөбе және Қызылорда облысындағы аралдық қырғызға жатады. Олардың біразы Шалқар ауданында тұрады, ол ауданды Ақтөбенің атышулы, халқы қызуқанды болып келетін аудан екенін білесіздер. Шежіре бойынша олар қазақтар арасына шамамен 17 ғасырда келген. Сондай-ақ шежіре бойынша ол қырғыздың ішінде барақ руына жатады. Қырғыздардың бұл руы әлімұлы, шектіге де енуі мүмкін. Екінші болжам, ол анасы жағынан қырғыз болуы мүмкін",-деді тарихшы Жақсылық Сәбитов.

Айта кетейік, тарихшы, генеалог Жақсылық Сәбитов пен генетик, ғалым Мақсат Жабағин мазмұнды сұхбат беріп, онда қазақ руларының шығу тарихына қатысты қызықты деректермен бөліскен еді.

 

«Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады