Әнші Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, алып кеткенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Аллаға шүкір! Бүгін келінімізді аман-есен өз шаңырағымызға түсірдік! Құдағиым Лиза "өзіңіз әніңізбен алып кеткеніңізді қалап тұрмыз" деген соң өтінішін орындадым. Тілектеріңізге рахмет», - деп жазды ол.
Көпшілік бұған қатысты түрлі пікір жазып жатыр.
«Енесі емес, қазақ эстрадасының жұлдызы ұзатты деп қабылдаңыздар», «Естімеген елде көп», «Енесі ұзатқаны дұрыс емес», деп жазып жатыр көпшілік.