Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде болашақ құдаларымен танысқаны туралы жазып, алдағы тойға қатысты көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әншінің айтуынша, ол болашақ құдағиының сұлулығына осыдан 15 жыл бұрын-ақ тәнті болған.
«Болашақ құдағиым Лиза Ахматованың көркіне осыдан 15 жыл бұрын таңғалғанмын. Құдам да өте сымбатты жігіт екен, жақында таныстық. Құдам мен құдағиым Жанболаттан 11 жас, менен 7 жас кіші. Достарымыздың інісі мен келіні», – деп жазды ол.
Сондай-ақ өнер иесі желі қолданушылары жиі сұрайтын «китсіз қандай той болады?» деген сауалға да жауап берді.
«Китсіз дегеніміз – киілмейтін мата-сата. Ал қалған кәделердің барлығы, яғни қалың мал, ана сүті, алтындар, шапандар, қоржын – бәрі болады. Алла қаласа, сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында бәрі жақсы өтеді», – деді әнші.