Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ене келінге ән арнамайды»: Жазира Байырбекова өзін сынағандарды орнына қойды

Әнші Жазира Байырбекова болашақ келініне ән арнағаны үшін өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ене келінге ән арнамайды»: Жазира Байырбекова өзін сынағандарды орнына қойды
Коллаж: paryz.kz

«Ал,сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету – бір бөлек әсер. Жандос Қаржаубайдың әніне, Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған «Бауырсағы балдай қыз» әні «Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген бейнебаянымен көрерменге жол тартты.Жаңа туындыны тамашалап, жақсы көңіл-күймен қабыл алыңыздар», – деп жазды ол. 

Сондай-ақ ол өзін сынағандарға былай деп жауап берді: 

«Қаншама жыл күткен келінім ғой, неге ән арнамасқа», деді әнші.