Прямая трансляция

Астана

Астана

11.19°C

"Быт-шытыңды шығарамын!": Ерке Есмахан мен Мейіржан Төребаев сөзге келіп қалды

"Білесіздер ме, адамның жетістігіне оның білімі онша әсер ете қоймайды екен. Білім болу керек, әрине. Бірақ көбіне әсер ететіні - санасы!" - деді әнші.

"Быт-шытыңды шығарамын!": Ерке Есмахан мен Мейіржан Төребаев сөзге келіп қалды
фото: коллаж

Әнші Ерке Есмахан белгілі вайнер әрі актер Мейіржан Төребаевтың "Маска" шоуының қазылар алқасының құрамына кіргеніне наразылығын білдірді. Әнші мен әзілкеш Instagram желісінде бір-бірімен сөзге келіп қалды, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Өнер иелері өзара келісе алмай, бір-біріне Stories арнады. Бұл ретте Ерке Есмахан әділқазы ретінде өзі қатысатын "Маска" жобасының видео үзінділерімен бөлісті. Бейнежазбада оның қатысушыға қатысты пікір білдіріп жатқанын көруге болады. Осы орайда Төребаев әншінің сөзін бөліп жіберді.

"Мейіржан, "Өнер барысы" болсаң да, болмасаң да быт-шытыңды шығарамын" деп жазды Ерке Есмахан.

Одан кейін әнші әзілкештің қазылар алқасының құрамында отырғанына шүйлікті. Төребаев әншіні ұзақ күттірмей, оған Stories арқылы жауап берді. Ол Еркені мақтаншақ деп мұқатты.

"Мақтанамын. Ал сен, біріншіден, менің өнеріммен танысып ал, сен ба деп отырмай!" деп жазды Ерке Есмахан.

Сонымен қатар ол сананың адам өміріне қаншалықты әсер ететіні туралы жазба жариялады.

"Білесіздер ме, адамның жетістігіне оның білімі онша әсер ете қоймайды екен. Білім болу керек, әрине. Бірақ көбіне әсер ететіні - санасы! Психолог апайлардың бейсана, түпсана туралы көп әңгіме айтатыны сол екен ғой. Мысалы мен сабақты шемішкідей шақпасам да, кішкентайымнан армандаған, ойлаған ойымның барлығы жүзеге асыпты. Соны бүгін түсіндім. Шүкір! Оның түпсана екенін о кезде білмеймін ғой. Ұлы дала психологтарына рахмет", - деді әнші.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады