Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

«Тойымды жүргіземін деп лақтырып кетті»: Қарақат Әбілдина танымал ақынға ренішін білдірді

Туған күнін дүркіретіп атап өткен Қарақат Әбілдина қуанышын ортақтасуға келе алмағандарға ренішін білдірді, — деп хабарлайды paryz.kz.

«Тойымды жүргіземін деп лақтырып кетті»: Қарақат Әбілдина танымал ақынға ренішін білдірді
фото: видеодан скриншот

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында той қызықтарымен бөлісіп, тамада болуы керек болған ақын қыздың туған күн кеші басталар кезде “лақтырып” кеткенін айтты.

 “Тойдың боларынан, боладысы қызық. Той барысындағы қызықтармен бөлісe отырайын. Тура кештің басталуына жарты сағат қалған кезде тойды жүргізу керек болған ақын қыз (атын айтпай-ақ қояйын) жай тілмен айтқанда, лақтырды. Келе алмайтынын айтып , бір шок қылады мені. Сөйтіп кештің тізгінін сіңілім Ақбота алды. Керемет жүргізді. Осы кеште асабалық тұсауы кесіліп , нағыз дебют болды ол үшін ! Әр істің бір қайыры деген рас-ау?! Ақбота Шәкірқызы, жарадың! Жалпы, туған күн кешінде қойылған сұрақтар мен ойындардың идеясын өзім ойластырдым. Ондағы ойым — қазақ қызының жан-жақтылығын көрсету болды. Өзі батыр, өзі әнші, өзі ақын өзі сазгер, өзі аспаз әрі тапқыр дегендей. Топтық сайыс өте қызықты өтті. Апаларым әділ қазылық етті”, — дейді ол.

Сондай-ақ, Қарақат Әбілдина тойына келмеген қонақтарына да ренжулі екенін білдірді.

“Және осы жерде бір мәселені қозғағым келеді менің. Тамада қалай лақтырған болса, тойға келеміз деп соңғы күні өздерінің уәдесін беріп тұрып, орындары белгіленген біршама қонақтарым келмей қалды. Осы орайда айтқым келетіні: барлығымыз қонақ шақырамыз, күтеміз, ниеттенеміз — осындай жағдай үлкен бір өрескел қателік қой. Осы мәселені көп жандар ойланса екен. Себебі адам келеді деп күтеді. Орнын белгілейді, ол енді айтпаса да түсінікті. Қанша той жасап жүрміз, байқаймын — “ішің білсін, әлу-ай…”. Осыны оқып отырған жандар өздері біліп те отырған болар. Бұл тек менің тойыма қатысты емес, жалпы көпшілікке айтқым келетіні: келе алмайтын болсаңыз, келе алмайтын жөніңізді айтыңыз! Адамды бүйтіп үміттендіріп, күттіріп қою деген — үлкен мәдениетсіздік қой !…”, — деп жазды ол.

«Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті