Прямая трансляция

Астана

Астана

1.71°C

«Сенің әкең көп адамға дәретхана қағазы болып еді...»: Тоқтар Серіков неден сақтанатынын айтты

Ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында биліктің көмегіне мұқтаж емес екенін атап өтті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

«Сенің әкең көп адамға дәретхана қағазы болып еді...»: Тоқтар Серіков неден сақтанатынын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші журналистің «Өнер адамы қай кезде қадірін жоғалтып алады» деген сұрағына жауап берген.

«Біржан салдың киносында өнерді патшалардың, бай-манаптардың алдына апарып, өзінің қадірін түсіріп ала ма деп қорқамын деген жері бар. Біржан сал ол кезде дәл бұлай айта қоймаған шығар. Досхан аға бізді меңзеп тұр. Сарай әншісі, жағымпаз әнші болып қадірімді кетіріп аламын ба деп жанталасып жүрген адамдардың құрметіне айтылған сөз. Кімнің не істеп жүргенін уақыт көрсетеді», - деді ол.

Сондай-ақ әнші көбіне жолында қолында билігі бар адамдар жиі кездесіп қалатынын жасырмады.

«Олармен сөйлессең біраз дүние шешіп алуға болады. Бірақ, мені ар жібермейді. Менің арымның ар жағында ұлым тұр ғой. Ұлым мені бәрінен биік қойып, менің әкем құдайдан басқа ешкімге бас имейді деп айтады. Сол сөзінің өзі маған мотивация. Ертең мен дүниеден өтіп жатсам, біреу менің ұлыма келіп сенің әкең сарай әншісі, жағымпаз, елдің артын жалағыш, туфли сүрткіш, көп адамға дәретхана қағазы болып еді десе, менің балам сол жерде жарылып өліп қалады ғой. Мен солар үшін өмір сүріп жүрмін. Болашақта балам тік жүру үшін шамам келгенше адал тірлікке барамын. Ешкімнен атақ та, қызмет те, үй де сұрамаймын, ешнәрсеге мұқтаж емеспін», — дейді өнер иесі.

«Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды «Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді