Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

"Әйелдер қақпағы жабық қазан сияқты": Дәурен Айдарқұлов отбасылы ер-азаматтарға кеңес берді

Актер Дәурен Айдарқұлов отбасылық өмірде жіберген қателіктерімен бөлісті. Ол отбасын сақтау үшін әйелдердің ішіндегі шерін тарқатуға рұқсат беру керектігін айтып, ер-азаматтарға кеңес берді, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап 

"Әйелдер қақпағы жабық қазан сияқты": Дәурен Айдарқұлов отбасылы ер-азаматтарға кеңес берді
Фото: ашық дереккөзі

Актердің айтуынша, ол әйелдерінің жан айқайын естімеген.

"Менің бірінші және екінші отбасымда ұрыс-керіс әдеттегі дүние болатын. Бұл ұрыстың бәрі әйелдеріме ішіндегісін айтуға рұқсат бермегеннен болды. Жоқ, олар үнсіз қалмады. Алайда олардың айтқанын мен ести алмағанмын. Дұрысырақ айтсақ, естігім келмеген. Мұндай сәтте әйелдер қақпағы жабық қазан сияқты. Мұндай сәтте не істеу керек? Іштегі бу шығу үшін қазанның қақпағын ашу керек. Әйелдермен де тура солай. Оларға ішіндегісін айтып алуға мүмкіндік беру керек", - Әйелдерді қақпағы жабық қазанға теңеген Айдарқұлов отбасылы ер адамдарға мұндай сәтте не істеу керектігін айтып, ерекше кеңес берді.

"Әйел ішіндегісінің бәрін айтқан сәтте біз тек бірнеше ережені сақтауымыз керек. Біріншіден, ер адамдар ондай сәтте үнсіз тыңдауға тырысайық. Екіншіден, көкіректікпен "Тезірек айтшы" деген түрмен емес, көзіне қарап, не айтқысы келгенін түсінуге тырысыңыз. Әйел бәрін айтып, ішіндегі шерін босатқан кезде сіз өз ұсынысыңызды айтыңыз. Сол сәтте ортақ тіл табысасыздар. Осындай әңгіме соңында сүйіктіңізді құшақтауды ұмытпаңыз", - деді Айдарқұлов.

Айта кетейік, екі рет отбасылы болған отандық актер осыған дейін бұрынғы әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста екенін мәлім еткен еді.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады