Прямая трансляция

Астана

Астана

4.63°C

Сәкен Майғазиев Шымкентке қатысты мифтерді жоққа шығарды

Сәкен Майғазиев балалық шаққа саяхат жасады. Әнші бала күнінде тәртіпті бала болғанын айтады. Балалық армандарын, қызықты оқиғаларын еске алды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Сәкен Майғазиев Шымкентке қатысты мифтерді жоққа шығарды
Сурет: Stan.kz

Сәкен Майғазиев балалық шаққа саяхат жасады. Әнші Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Шу өңірінде өмірге келген. Осы елдімекенде балалық шағы өтті. 

Мен бұзық бала болдым деп айта алмаймын. Мен көп балалы отбасынан шықтым. Ауыл баласы болдық. Қой бақтық, көлге түстік. Ауыл баласының балалығын бастан өткердік. Мен аса бір бұзық бала болған жоқпын. Тіпті балағат сөздің өзін Алматыға келіп естідім. “Шымкентке барсаң, шешеңді күнде еске салып тұрады” дейді ғой. Бұл өте бұрыс пікір. Ол әр әулетке байланысты деп ойлаймын. Біздің әулетте ондай сөздер айтылмайды, – деді Майғазиев. 

Әнші бала күнінде үнемі қалың көрерменді түсінде көретін еді. Бұл Алланың тылсым дүниесі деп сенеді. Бүгінде сол түсі өңіне айналған. 

Мен бала күнімнен өнерге жақын болдым. Кітаптарды қойып, барабан етіп ойнаймынтын. Кітаптың қадірін білмедік. Қалыңдығына қарай әр кітаптан әртүрлі дыбыс шығады. Қауашақтарды жинап әкелетінмін. Содан музыка шығаратынмын. Әпкелерім қоқыс жинама деп ұрсатын. Солай өстік. Түсімде үнемі қалың көрерменді көретінмін. Сахнаны көретінмін. Қазір сахнада тұрғанда сол түсім, балалық шағым есіме түседі. Бұның бәрі Алланың жазғаны. Аллаға сансыз шүкірлік етемін. Бала арманыма жеттім десем де болады, – деді әнші. 

«Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты