Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша консультация өткізді

Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға қатысты түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша консультация өткізді
Фото: Ақорда

Президент премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді. Мемлекет басшысы азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді. 

"ҚР Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген консультациялар барысында премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу қорытындысы бойынша президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.