Прямая трансляция

Астана

Астана

4.16°C

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды
Ақорда

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқаған.