Прямая трансляция

Астана

Астана

18.87°C

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Қошановты ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында осы органның төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Қошановты ұсынды
Фото: akorda.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды», – делінген Ақорда хабарламасында.

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Кеңес төрағасы сессия барысында төрт жыл мерзімге сайланады. Кандидатураны Президент және Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша мүшелер ұсына алады.

Төраға Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.