Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол бұл лауазымда Дәурен Қосановтың орнына келді.
Айдос Мырзахметов — кадрлық әскери қызметші, генерал-майор. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаған. Қызмет жолын взвод командирінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен.
2024 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымын атқарып, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дамытуға, олардың жауынгерлік дайындығы мен жарақтандырылуына жауап берді.
2026 жылғы 6 мамырда Президент Жарлығымен оған генерал-майор жоғары әскери шені берілді. Жаңа тағайындауға байланысты ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.