Прямая трансляция

Астана

Астана

11.45°C

Дәурен Қосанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Дәурен Қосанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды

Тиісті Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданының Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю. А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын (2013 ж.) тәмамдаған.

Еңбек жолын Үшарал жойғыш полкінде ұшқыш-жойғыш болып бастап, кейін Талдықорған мен Шымкент қалаларындағы авиабазалардың командирі, Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының бастығы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, ал 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың маусымына дейін Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымында болды.

2025 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын.

Әскери қызметіндегі жетістіктері үшін І және ІІ дәрежелі «Даңқ», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және мерейтойлық медалдармен марапатталған.