Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Ақорда.
Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен 8-9 қазан күндері Авазаға жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.