Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордада әйеліне қол көтерген қызғаншақ күйеу қамауға алынды

Белгілі болғандай, 28 жастағы ер адам мас күйінде әйелін жұмысынан қызғанып, қызғанышпен оған қол көтерген, деп хабарлайды Paryz ақпарат агенттігі Zakon сайтына сілтеме жасап. Бұл отбасында болған жанжалдың бірінші оқиғасы емес.

Елордада әйеліне қол көтерген қызғаншақ күйеу қамауға алынды
фото: ІІМ

Құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұрып-соғу үшін ҚР ӘҚБтК 73-2-бабы 2-бөлігі (Ұрып-соғу), 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.


sz.kz
реклама
Миллионер каждую неделю
Попробовать
Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында “қоғамдық қауіпсіздік” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізетінін еске саламыз.

Оның шеңберінде полицейлер тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.