Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Атырауда қайғылы оқиға болды

Желіде полицей артынан қуған жеңіл көліктің жүргізушісі жол апатына түскені туралы ақпарат пайда болды. Екі адам көз жұмған. Жол апатына қатысты өңірлік ПД пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Атырауда қайғылы оқиға болды
Фото: әлеуметтік желіден

Ведомствоның баспасөз қызметі полицейлер көліктің артынан қуған деген ақпаратты жоққа шығармады және растамады.

Атырау облыстық ПД өкілдерінің айтуынша, 16 қарашада сағат түнгі 03:30-те Тайманов және Берғалиев көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo және "ГАЗель" көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі адам: жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмған.

Қазіргі таңда полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тиісті материалдар жинап жатыр.